«Тәңір сыйын есірткіге айырбастама» және «Дұрыс тамақтану» тақырыбындағы семинар-сабақ
Облыстық жастар орталығының валеолог маманы А. Құлмұратова және колледж медбикесі А. Алибаева білім алушыларға арналған «Тәңір сыйын есірткіге айырбастама» және «Дұрыс тамақтану» тақырыптарында семинар-сабақ өткізді.
Семинар барысында қазіргі таңда нашақорлық, маскүнемдік пен синтетикалық есірткі мәселесі тек елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде өзекті проблемаға айналып отырғаны атап өтілді. Оның жастар арасында таралуы, өмір сүру ұзақтығына әсері, әлеуметтік жағдайларға тигізетін зияны жайында жан-жақты түсіндірілді.
Валеолог маманы А. Құлмұратова әрбір азамат зиянды әдеттердің алдын алуға, шылым шегу, алкоголизм, нашақорлық сияқты дерттерден қоғамды қорғауға өз үлесін қосуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ ол салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтанудың маңызы және вейп, есірткі сынды зиянды әрекеттердің адам ағзасына келтіретін зияндары туралы жеке тоқталды.


