Тәуелсіздік күні ерекше атап өтілді
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мазмұнды да тағылымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шара Емдеу ісі – 60 топ пен Мейіргер ісі – 54 топ студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.
Мерекелік кеш барысында сөз сөйлеген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызына тоқталып, егемен елдің жетістіктері мен бүгінгі ұрпақтың ел болашағы алдындағы жауапкершілігі туралы ой қозғады.
Іс-шара аясында студент жастар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан театрландырылған көрініс ұсынып, ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің ерлігін көрерменге әсерлі түрде жеткізді. Көрініс қатысушыларға ерекше рух беріп, отансүйгіштік сезімді арттырды.
Мерекелік шара студенттердің патриоттық рухын көтеріп, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең сезінуге мүмкіндік берді.














