«Қызға қырық үйден тыйым…» атты тәрбиелік шара өтті
Қызылорда облыстық Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған
«Қызға қырық үйден тыйым…» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Аталған шараға колледжімізден 25 қыз бала қатысып, қоғамдағы қыз тәрбиесі, әдеп, инабаттылық және денсаулық мәселелері жөнінде тағылымды ойлар тыңдады.
Шараның ашылуында орталық директоры С. Тасмағанбетова сөз сөйлеп, іс-шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.
Қонақ ретінде Әжелер алқасының төрайымы Қалжанова Р., орталықтың валеолог маманы Алтаева А. және психолог Джумадильдаева Р. қатысып, өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Шара қыз балалардың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.















