ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қараша айының 22 жұлдызында Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша халықаралық қатысумен « Жаңа форматтағы мейіргер» атты республикалық марафон өткізілді. Марафонға барлығы 121 білім алушы қатысты. Қызылорда медициналық колледжінен « Қолданбалы бакалавр» бөлімінен 1 курс 49 топ білім алушылары Жаңабергенова Динара Панабайқызы мен Бақытбекқызы Гауһар,жетекшісі: «Арнайы мейіргер ісі пәндері» оқытушысы Кемелбаева Гулаим Сапарбекқызы және « Мейіргер ісі» бөлімінен 3 курс 15- топ білім алушысы Кеңес Замира, жетекшісі Жумагулова Салтанат Бахитовна қатысты.

Марафон үш кезеңнен тұрды:

1 кезең- « Мейірбике жұмысындағы инфекциялық қауіпсіздік» кезеңінде қатысушыға тест тапсырмасы, сөзжұмбақ, жағдаяттық есеп, кескіндемені толтыру тапсырмалары берілді. Колледж білім алушысы Бақытбекқызы Гауһар – 49 қатысушының арасынан топ жарып, 76,6 ұпай жинап, жүлделі ІІІ орын дипломымен марпатталды.

2- кезең-« Процедуралық дағдылар. Көктамыр ішіне тамшылатып құюға арналған жүйені толтыру техникасы» бойынша Жаңабергенова Динара Панабайқызы дағдыны орындау техникасын көрсетіп,бейнеролик түсіріп, 34 қатысушының арасынан топ жарып жүлделі І орын дипломымен марапатталды.

3- кезең- « Мейірбикенің денсаулық мектебіндегі жұмысы» бойынша эссе жазып,38 қатысушының арасынан топ жарып, колледж білім алушысы Кеңес Замира жүлделі ІІІ орын дипломымен марапатталды.

You may also like...