Биология пәні бойынша үйірме отырысы өтті
2025 жылғы 17 желтоқсанда «Жалпы білім беру пәндері-1» бірлестігіне қарасты «Биология» пәні бойынша үйірме отырысы ұйымдастырылды.
Отырыста «Экстракорпоральды ұрықтандыру» тақырыбында қызықты дебат өтті.
Дебатқа 4 топ білім алушылары қатысып,
тақырыпты кітаптардан, ғаламтор көздерінен және ғылыми әдебиеттерден зерттеп,
өз ойларын дәлелдермен қорғады.
Іс-шара барысында білім алушылардың сыни ойлау, зерттеу және пікірталас жүргізу дағдылары қалыптасты. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді.
Қатысқан білім алушыларға алғыс білдіреміз!














