Сәуір айының 28-і күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапханасы оқу залында «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбы аясында Ф-45, Д-9 топтар арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: ақын-жазушылардың туған жерге, табиғатқа аса ықыласпен жазылған туындыларымен таныстыру.

Әрбір адам өзі туып өскен жерін, табиғатын құрметтеп ерекше қастерлеу керек. Топ студенттері ақындардың туған жер туралы жырларын мәнеріне келтіріп, аса ықыласпен оқыды.

Қызылорда өлкесі – жырға бай. Қазақ өлеңіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан жер бұл. Студенттердің белсенділігімен іс-шара өте тартымды өтті.Іс-шара соңында кітап көрмесімен таныстырылды.

You may also like...