«Қызықты география» интеллектуалды сайысы өтті
![]()
ЖББ-1 бірлестігінің «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты апталығы аясында география пәнінен «Қызықты география» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа E-53, M-40, D-33, КДЛ-86 топтарының білім алушылары белсене қатысты.
Мақсаты:
Студенттердің география пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, тапқырлық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сайыс 7 кезеңнен тұрды:
«Таныстыру», «Бәйге», «Дода», «Жорға», «Географиялық ассоциация», «Жұмбақ аралы», «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Әр кезеңде қатысушылар білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижелері:
M-40 тобы – I дәрежелі диплом
КДЛ-86 тобы – II дәрежелі диплом
D-33 тобы – III дәрежелі диплом
E-53 тобы – алғыс хатпен марапатталды.
Сайыс өте қызықты, тартымды өтті. Қатысушыларға сәттілік, ал білімге деген құштарлықтарыңыз арта берсін!
![]()
Ұйымдастырушылар:
Орақбаева Г.Б.
Медеуова А.М.









