Бүгін колледж студенттеріне “Қылмыс пен құқық бұзушылық” тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Кездесуге Т. А. Шагиров ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы полиция полковнигі; И. А. Құлахметов Қызылорда ОПД экстремизмге қарсы іс – қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры; А. Мамбеталиев ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры қатысып, қазіргі таңдағы қылмыстардың жасөспірімдер тарапынан немесе топтасқан төбелестердің кездесіп жатқандағы, әрбір ата – ана, жасөспірім өзіне де, қоғамға зиян келтіретін нәрселерден аулақ болу, Мемлекетіміздің білімді де, жан – жақты, кәсіби маман болуға ұмтылу керектігі айтылды. Әлеуметтік желі мәдениеті, қоғамдық орта мәдениетін сақтауға шақырды. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Арнайы құқықтық сала мамандарымен жұмыстар жалғасатын болады.

You may also like...