Талғатқызының ұйымдастыруымен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне байланысты құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне байланысты құқықтық түсіндірме жұмыстары
Қолданбалы бакалавр бөліміне қарасты 36-топта, топ кураторы Акбаева Айдана Талғатқызының ұйымдастыруымен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне байланысты құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес төмендегі талаптар таныстырылды:
• 18 жасқа толмағандардың сағат 23:00–06:00 аралығында заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне тыйым салынатыны;
• Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында сағат 22:00–06:00 аралығында заңды өкілінсіз болуына жол берілмейтіні;
• Аталған талаптар бұзылған жағдайда ата-аналарға (заңды өкілдерге) әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны түсіндірілді.











