Білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллингке қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында маңызды кездесу өтті.
Қызылорда қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Д.Абылбекұлы мен прокурор А.Оразалиева колледж білім алушыларымен кездесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың заң талаптарын бұзатын, қоғамға және жеке тұлғаға зиян келтіретін әрекет немесе әрекетсіздік екені түсіндірілді. Сондай-ақ:
Заң мен сот алдында барлығы тең екені;
Ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, тіліне, дініне немесе өзге де жағдайларына байланысты кемсітуге болмайтыны;
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар берілді.
Аталған іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылды.
Бірлескен жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қауіпсіз, әділ әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру — басты міндетіміз.












