(KAZ) Ұжымға жаңа бағдарлама таныстырылды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында балаларды жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасына арналған «ДосболLIKE» бағдарламасы түсіндірілді.
Бағдарламаның мақсаты — білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу және оған тиімді қарсы әрекет ету жүйесін қалыптастыру арқылы жәбірлеу фактілерін азайту.
Осы бұйрықты және оқу орындары қызметкерлерінің іс-әрекеті туралы ұжымға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Молдраймова таныстырды. Әріптестер сұрақтарына жауап берді.











