«Бір сұрақ – бір қалам» білім сайысы өтті
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 1-корпусында «Жалпы кәсіптік пәндер-2» бірлестігі ұйымдастыруымен «Бір сұрақ – бір қалам» атты танымдық ойын өткізілді.
Іс-шара анатомия, физиология және патология пәндері бойынша білімді тереңдетуге, студенттердің ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Іс-шара барысында:
Қатысушылар тіркеліп, қажетті материалдармен қамтамасыз етілді;
Ұйымдастырушылар іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын таныстырды;
«Бір сұрақ – бір қалам» ойыны арқылы қатысушыларға анатомия, физиология және патология пәндерінен қызықты әрі танымдық сұрақтар қойылды.
Ойынға студенттер, оқушылар, пән оқытушылары және пәнге қызығушылық танытқан қатысушылар белсенді түрде қатысты. Қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.
Нәтижесінде іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылардың медициналық пәндерге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар: Акбаева А.Т., Кирабаева Л.С.
ЦӘБ жетекшісі: Кирабаева Л.С.









