Ашық сабақ: «Электромагниттік толқындар шкаласы»
«Жалпы білім беретін пәндер-2» оқытушысы Жамалатова Гулмира Орынбековна Мейіргер ісі 40-тобында «Физика» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер flippity.net платформасы арқылы 4 топқа бөлініп, белсенді жұмыс жасады.
Өткен тақырып «Стоп кадр» әдісімен қайталанып, сұрақ-жауап және тест арқылы бекітілді.
Жаңа тақырыпты меңгеруде Джигсо әдісі, интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылып, топтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Студенттер:
• Электромагниттік толқындардың түрлерін (рентген, ультракүлгін, инфрақызыл, көрінетін сәулелер)
• Олардың медицинадағы және күнделікті өмірдегі қолданылуын
• Электромагниттік шкаладағы орнын анықтап, салыстырып үйренді
Сабақта постер қорғау, логикалық тапсырмалар, «Кім жылдам» ойыны және интерактивті тесттер қолданылды.
Сергіту сәтінде «Сіз білесіз бе?» әдісі арқылы студенттер қимылмен жауап беріп, эмоцияларын көрсетті.
Сабақта flippity.net, educaplay.com, desmos.com сияқты заманауи платформалар тиімді пайдаланылды.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттырды.









