Білім мен білік сынға түскен сәт!
Қызылорда жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавр» біліктілігінің 3 курс студенттері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға арналған байқау өтті.
Байқаудың мақсаты:
Студенттердің кәсіби құзыреттілігі мен практикалық дағдыларын дамыту
Көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін ашу
Медициналық мамандарды даярлау сапасын арттыру
Байқау 2 кезеңнен тұрды:
Тест тапсырмалары
Курстық жұмысты қорғау
Қатысушылар өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап, білімдері мен тәжірибелерін көрсетті. Әр студентке 5–7 минут ішінде өз жұмысын таныстыру мүмкіндігі берілді.
Бағалау әділ-қазылар алқасы тарапынан жүргізілді.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ең үздік студенттер арнайы марапаттарға ие болды!









