23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Кітап – адамзаттың ең асыл қазыналарының бірі. Ол тек білім мен ақпарат көзі ғана емес, ұлттың тарихын, мәдениетін және рухани әлемін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес мұра.
«Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылмаған. Себебі әрбір кітап – терең ойға, тағылымға және өмірлік тәжірибеге толы рухани әлем.
Ұлттық кітап күнінің басты мақсаты – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Осы мереке аясында кітапханаларда әдеби кештер, кітап көрмелері, жәрмеңкелер және ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырылып, оқырмандарға ерекше рухани әсер сыйланады.
Кітап оқы – рухани әлеміңді байыт!









