Қызылорда медициналық жоғары колледжі – сапа жолындағы маңызды жетістік!
Қызылорда медициналық жоғары колледжі СТ РК ИСО 9000:2016 стандарты талаптарына сәйкес ресертификациядан сәтті өтті.
Колледжіміз сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеп, кезекті ресертификация кезеңінен жоғары нәтижемен өтті. Тексеру барысында оқу орнының негізгі және қосымша қызмет процестері жан-жақты сарапталып, барлық құжаттамалар қарастырылды. Ішкі басқару жүйесінің стандарт талаптарына сәйкестігі бағаланып, мамандар тарапынан әдістемелік кеңестер мен процестерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.
Нәтижесінде колледждің білім беру сапасын қамтамасыз ету, басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру және үздіксіз дамыту бағытындағы жұмыстары жоғары бағаланды.
Бұл жетістік – колледж ұжымының бірлескен еңбегі мен сапалы білім беруге деген жауапкершілігінің айқын дәлелі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, сапа мен білімнің жаңа деңгейіне жете берейік!
Ұжымымызды маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! ![]()
![]()











