«Заң мен тәртіп – қауіпсіз орта кепілі»
Бүгін колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова мен колледж заңгері Талғат Нурумбетов кәмелет жасқа толмаған 1 курс білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Сыргүл Тұтқабайқызы жасөспірімдер арасында кездесетін әлімжеттік, буллинг, күш қолдану секілді құқықбұзушылықтардың салдары ауыр болуы мүмкін екенін айтып, оның алдын алудың маңыздылығына тоқталды.
Ал колледж заңгері Т.Нурумбетов жасөспірімдер арасындағы құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіріп, заңда қарастырылған баптармен таныстырды. Сонымен қатар, қоғамдағы «Заң мен тәртіп» қағидаты жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
Кездесу соңында директордың орынбасары білім алушыларды бір-біріне қамқор болуға, достары арасында әлімжеттік, буллинг немесе қысым көрсету жағдайлары байқалса, топ жетекшілеріне немесе колледж педагогтарына дер кезінде хабарлауға шақырды.
Қауіпсіз орта – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!












