«Мен буллингке қарсымын» бейнероликтер байқауы
Колледждің «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 1-курс 43 тобында «Мен буллингке қарсымын» атты бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында буллингтің алдын алу, адам құқықтарын құрметтеуге баулу, сондай-ақ жастардың бойында өзара сыйластық, қолдау және мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру.
Байқау барысында қатысушылар өздері дайындаған бейнероликтерді ұсынып, буллингтің түрлері, оның адам психологиясы мен өміріне тигізетін кері әсері және мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын жан-жақты көрсетті. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, достық пен түсіністіктің қоғамдағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар буллингке қарсы ортақ ұстанымдарын білдіріп, кез келген әділетсіз әрекетке бейжай қарамауға, бір-біріне құрметпен қарауға және адамгершілік қағидаларын сақтауға шақырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, олардың құқықтық және рухани мәдениетін дамытуға өз үлесін қосады.
Буллингке жол жоқ! Бірге – қауіпсіз, сыйластыққа толы орта қалыптастырайық!










