БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ТӘРБІЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
Бүгін, 2026 жылдың 1 қазанда Қызылорда медициналық жоғары колледжінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің нұсқамасына сәйкес өңірлік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты — Халықтық Конституция аясында жастарға жасалып жатқан қолдауларды түсіндіру, «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау және студенттердің қауіпсіздігі мен тәрбиесіне бағытталған бірлескен жұмыстарды пысықтау.
Маңызды басқосуға әр саланың білікті мамандары шақырылып, ата-аналармен ашық сұхбат жүргізілді:
Заң мен тәртіп аясында: Қызылорда КПБ ККБ ЮПБ УПИ-ры, Полиция аға лейтенанты Өмірзақ Н. құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы тәртіп мәселелерін қозғады.
Рухани тәрбие бағытында: «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог-маманы Піржан С. жастарды жат ағымдардан қорғау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жайлы баяндама жасады.
Салауатты өмір салты: Облыстық жастар денсаулығы орталығының валеолог-маманы Алтаева А. студенттердің физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау бойынша маңызды кеңестер берді.
Әлеуметтік қолдау мен белсенділік: Қалалық «Тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің сектор меңгерушісі, колледж ата-аналар комитетінің төрайымы Пазылова Г. және Отбасы орталығының әдіскері Усенова А. мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаулар мен отбасы институтын нығайту мәселелерін ортаға салды.
Жиналысты қорытындылаған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдраймова С. болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі ата-ананың басты міндеттері мен жауапкершілігіне тоқталды. Ол бала болашағының жарқын болуы тек білім ордасына ғана емес, «Ата-ана – Оқу орны – Ұстаз» арасындағы тығыз әрі бірлескен үштік одақтың еңбегіне байланысты екенін ерекше атап өтіп, баршаны бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Тәртіп бар жерде — тәрбие бар, тәрбие бар жерде — болашақ бар!













