Болашақ мейіргерлер гериатрия бойынша кәсіби шеберліктерімен сынасты!
22 қазан күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің Симуляциялық орталығында «Мейіргер ісі» мамандығының 2-курс, «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі студенттері арасында «Гериатрия әлемі: білімнен-мейірімге, мейірімнен-шеберлікке!» атты колледжішілік геронтологиялық сайыс өткізілді.
«Үлкенге құрмет – кәсіби мейіргерліктен басталады!» ұранымен ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты – болашақ орта медицина мамандарының егде және қарт жастағы пациенттерге күтім жасау бойынша теориялық білімі мен клиникалық-практикалық дағдыларын шыңдау.
Сайыс барысында студенттер үш түрлі күрделі кезеңнен өтіп, өз шеберліктерін көрсетті:
«Болашақ гериатриялық мейіргер» – жасанды интеллект және макеттер арқылы дайындалған креативті видео-таныстырулар;
«Клиникалық ойлау» – ойылудың алдын алу, биомеханика ережелерін сақтау, сондай-ақ жүріс арбалары (ходунок) мен таяқшаларды қолдануды үйрету бойынша практикалық тапсырмалар;
«Жылдам тап» – геронтология негіздері мен қарттық кезеңдегі физиологиялық өзгерістерге арналған интерактивті блиц-сұрақтар.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын – ҚБ-89 тобы
2-орын – ҚБ-36 және ҚБ-59 топтары
3-орын – ҚБ-88 және ҚБ-58 топтары
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар табыс етілді. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, болашақ мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге атсалысқан арнайы пән оқытушылары: С.М. Оразбекова, А.Е. Қындыбай және Б. Нұрадинұлына алғыс білдіреміз!
Жас мамандарымыздың білімі мен мейірімі еселене берсін!














