Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» шығармасы
Колледж кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында қазақ халқының даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын насихаттау, білім алушыларға туындының тәрбиелік мәнін түсіндіру мақсатында «Емдеу ісі» – 71 топпен әдеби талдау өткізілді.
Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, «Ұшқан ұя» повесінің мазмұны мен негізгі идеясы таныстырылды. Шығармада Бауыржан Момышұлының балалық шағы, өскен ортасы, ата-анасы мен әжесінің тәрбиесі, отбасындағы салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтар кеңінен суреттелетіні айтылды.
Талдау барысында шығармадағы Бауыржанның әжесі Қызтумас, әкесі Момыш және әулет үлкендерінің өнегелі тәрбиесіне ерекше назар аударылды. Автордың балалық шақтағы естеліктері арқылы қазақ халқының үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, адалдық, адамгершілік, намыс пен отансүйгіштік қасиеттері көрініс табатыны сөз болды.
Сонымен қатар шығармада көрініс тапқан ұлттық салт-дәстүрлер, отбасылық тәрбие, халық ауыз әдебиеті мен ата-баба өнегесінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны талқыланды. Қатысушылар шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне талдау жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Қорытынды: Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі – ұлттық тәрбиені, отбасы құндылықтарын, ата-ана өнегесі мен салт-дәстүрді дәріптейтін тағылымы мол шығарма. Әдеби талдау арқылы оқырмандар туған жерді сүюге, үлкенді құрметтеуге, адамгершілік пен ұлттық рухты бағалауға тәрбиеленді. Шығарма жас ұрпаққа өнеге беретін құнды әдеби мұра екені атап өтілді.











