ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Құрметті сала ардагерлері! Ардақты әріптестер, ата-аналар, студенттер! Баршаңызды келіп жеткен жылқы жылымен құттықтаймын! Жылқы – еркіндіктің, батырлықтың, адалдық пен сұлулықтың символы. Қазақ халқы жылқыны төрт түліктің төресі деп қадірлеген. Ат – ер қанаты, батырдың ел қорғаудағы сенімді серігі болған. Халқымыздың рухын сездіретін қасиетті жануар. Бұл жыл…

«Қызға қырық үйден тыйым…» атты тәрбиелік шара өтті

Қызылорда облыстық Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған «Қызға қырық үйден тыйым…» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Аталған шараға колледжімізден 25 қыз бала қатысып, қоғамдағы қыз тәрбиесі, әдеп, инабаттылық және денсаулық мәселелері жөнінде тағылымды ойлар тыңдады. Шараның ашылуында орталық директоры С. Тасмағанбетова сөз сөйлеп, іс-шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Қонақ…

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері Қазақстан студенттерінің альянсы ұйымдастырған бөлімдер арасынла өткен волейбол турнирінде І ОРЫН иеленді! Бұл – бірлік пен табандылықтың, қажырлы еңбек пен спортқа деген сүйіспеншіліктің айқын дәлелі. Жеңімпаз студенттерді және бапкерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!

СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ДӘРІСТЕР ӨТТІ

Симуляциялық орталықта медицина қызметкерлері мен студенттерге арналған тәжірибелік дәрістер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды. Оқытудың басты мақсаты – практикалық дағдыларды қалыптастыру, оларды автоматизм деңгейіне дейін жетілдіру және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Симуляциялық оқыту нақты клиникалық және қауіпті жағдайларға барынша жақын модельдер арқылы жүргізіледі. Бұл тәсіл: – кәсіби қателіктерді азайтуға; – жедел…

1 2 146