4 -маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай әнұран орындалды

1992 жылы ең алғаш рет Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін жер жаһанға танытатын, әрі мемлекетіміздің өткен тарихын, бүгінгі дербестігін және кемел келешек арасындағы сабақтастығын айқындайтын бірегей құндылықтарымыз болып табылады. Ту, Елтаңба, Әнұран – қазақ халқының қайсар рухын, даналығын, жасампаздығын, сондай-ақ, болашаққа деген асқақ арман-тілегін аманат ететін басты нышанымыз.

Бүгн, 4-маусым күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Шара басында сөз алған колледж директоры Калмакова Жанар Амангелдіқызы барша оқытушылар мен студенттерді атаулы мерекемен құттықтап, Көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін деген тілегін жолдады.

Мемлекеттік рәміздер күнінде студенттер мен оқытушылар Мемлекеттік Әнұран орындады.

You may also like...