ТОПТЫҚ ТӨБЕЛЕС ТҮБІҢЕ ЖЕТЕДІ
Колледж білімалушыларымен «Құқық бұзушылықты алдын алу», «Интернет алаяқтықтан сақтану» тақырыбында жиын өтті.
Тәрбие бөлімінің меңгерушісі Ералиев Б.О., колледж заңгері Т.Нурумбетов, ҚПБ ЖППБ ЮПБ инспекторы, полиция капитаны А.Досмағанбетов қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, топтық төбелес, жарақат салу, сондай ақ, ұрлық, темекі вейп, уытты заттарды пайдалану өте қауіпті екені туралы түсіндірді.
“Қазіргі таңдағы қылмыстардың жасөспірім тарапынан немесе топтасқан төбелестердің кездесіп жатқандығы туралы айтуымыз керек. Оның кейде салдары ауыр болып, өлімге әкеп жатады, салдарынан жап-жас балалар темір тордың аржағына кетіп жатыр. Әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер еді” деді инспекторы, полиция капитаны А.Досмағанбетов.
Жиын барысында тәрбие бөлімінің меңгерушісі Б.Ералиев жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу жолдарын айтты. Сондай ақ, кәмелет жасқа толмаған жасөспірім балалардың кешкі беймезгіл сабақтан тыс уақытта 22.00-06.00 аралығында ойын сауық орталығына бармау, 23:00-06:00 аралығында заңды өкілінсіз үйден тыс жерде жүрмеу керектігін түсіндірді.
Колледж заңгері Т.Нурумбетов құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауатты болуға, өз ойларын еркін айту керектігін ескертті. Заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет. Тәртіпті бұзған әрбір жасөспірім жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
