ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ӨТТІ
“Жалпы білім беру пәндері-1” бірлестігінің “Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық” атты апталық аясында химия пәнінен колледжішілік олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты — химия пәнінен білім алушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін анықтау және дамыту, дарынды білім алушыларды қолдау және елдің ғылыми әлеуетін кеңейту.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі тест тапсырмасын орындау.
Екінші кезең деңгейлік есептер шығару.
Олимпиада нәтижесі бойынша 1 орынды М-47 топ студенті Мұхаммедәли Дінислам иеленді.
2 орын М-4 топ студенті Дүсенбай Гүлім, М-47 Ергешбай Тахмида жеңіп алды.
Ал, 3 орын М-6 топ студенті Ерболатқызы Айшагүл, М-4 топ студенті Ырсымбет Айым,Е-1 топ студенті Жұмасейіт Кәусар иеленді.