СТУДЕНТТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Қазалы ауданында өткен техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагері Мылтықбай Әміржаевты еске алуға арналған облыстық волейбол турнирінде колледжіміздің командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Топ жарған жеңімпаздарды жарысқа дайындаған дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Сражов Ермухамед. Жарыс кубогын иемденген командамызға 30 000 теңгелік сертификат табысталды. Оқу орнының намысын көтерген жастарға алдағы уақытта да үлкен додаларда сәттілік тілейміз!

