МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ардақты апалар, аяулы арулар!
Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кемеңгер жазушы Мұхтар Мағауин қазақ әйелдерін әлемдегі «ең сұлу әйелге» теңеген.
«Ұлтты қазақ қылған қазақ әйелдері болатын, олар сұлу ғана емес, сүйкімді, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, елдің көркі» деп қазақ әйелдерінің мықтылығын, ақылдылығын айтып өткен.
Осындай дара қасиетпен сіздер отбасымен қызметті қатар алып жүрсіздер. Шәкірттерге білм мен тәрбие беріп, өнегелі жол көрсетіп келесіздер.
Көктемнің шуақты мерекесі көңілдеріңізге шаттық сыйласын! Баршаңызға бақыт және толағай табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен: Жанар АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ
