ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК АРҒА СЫН
Бүгін колледжде «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және заманауи контрацепция әдістері» тақырыбында қыз балалармен аукшер-гинеколог Асқарова А.Қ., колледж мейіргерлері Алибаева А., Кумыспаева М. кездесу өткізді. Ерте жүктіліктің алдын алу – жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мен болашақ өмір сапасын жақсарту үшін маңызды шара.
Мақсаты — Жыныстық сауаттылықты арттыру.
• Колледжде және отбасында жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру.
• Репродуктивті денсаулық, етеккір циклі, овуляция және жүктіліктің пайда болу механизмдері туралы түсіндіру.
• Жыныстық қатынасқа түсу жауапкершілігі мен салдарын талқылау.
Контрацепцияны қолдану және дәрігерге жүгіну мәдениетін қалыптастыру. Психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету.
• Ата-аналар мен жасөспірімдердің ашық әңгімелесуіне жағдай жасау.
• Өзін-өзі бағалауды арттыратын бағдарламаларды енгізу (спорт, өнер, волонтерлік қызмет).
• Ерте жыныстық қатынастың психологиялық салдарын түсіндіру.
Ең бастысы – жасөспірімдерге сенімді ақпарат пен қолдау беру. Бұл олардың саналы шешім қабылдап, болашақ өмірін дұрыс жоспарлауына көмектеседі.



