Қызылорда медициналық жоғары колледжінде нашақорлықтың алдын алу тақырыбында ұжымдық оқыту өтті
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысының хаттамасы негізінде бүгін колледжде «Нашақорлықтың және есірткінің заңсыз айналымының алдын алудағы педагогтердің рөлі» тақырыбында ұжымдық оқыту өткізілді.
Іс-шараға Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының клиникалық психологы Әбдеш Ә.А. және облыстық психологиялық қолдау орталығының психологы Бисенова Ж.Ж. қатысып, қоғамды есірткіден қорғаудағы педагогтардың міндеттері мен жауапкершілігіне тоқталды.
Спикерлердің айтуынша, білім мен тәрбие егіз ұғым. Педагогтар тек білім беріп қана қоймай, әрбір баланың жан дүниесіне терең үңіліп, оның көңілін не мазалайтынын, қандай көмек қажет екенін уақытылы сезіне білуге шақырылды.
Шара соңында қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.



