ТӘРТІПТІ ЕР — ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында колледжде білім алатын ержігіттермен кездесу өтті.
Оған Қызылорда ҚПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Касимов Е.М., Қызылорда ҚПБ-ның ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны Досмағанбетов А. қатысып , ер балалар арасында кездесетін құқыбұзушылықтармен, салдарымен таныстырып өтті.
Сондай-ақ, қоғамдағы ер адамның, ұлдың міндетін ерекше атап өтті. Шара соңында мамандар тек қана білім алуға, бос уақытты пайдалы өткізуге және адамдарға мейірімді болуға шақырды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі, қорқор, алкоголь, темекі қолданудың, сондай-ақ ойынқұмарлық пен есірткі қылмысының алдын алу.












