АЛЬБИНА ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында және «Қазақстан – замананың заңғарында» атты апталық негізінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен бірлесе ұйымдастырылған облыстық олимпиадада колледжіміздің «Мейіргер ісі» мамандығының 83-топ студенті Абилгазим Альбина жоғары нәтиже көрсетіп, II дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Олимпиада «Қоғамдық және еңбек ұжымында әлеуметтану және бейімделу үшін негізгі әлеуметтік ғылымдарды қолдану» пәндері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілді.
Студентіміздің бұл жетістігі – оның еңбегі мен білімге деген талпынысының нәтижесі.
Жетекшісі: Усманова Асия Серікболовна.
Альбинаны шын жүректен құттықтаймыз!













