АДАМ САУДАСЫНА ЖОЛ ЖОҚ
Бүгін колледж білім алушыларымен Қызылорда облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының маманы Жусупбеков Азамат Нұрлыбекович және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Бәкида Оралхан Пазылханұлы кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – адам саудасының алдын алу, оның құрбаны болмау жолдарын түсіндіру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында мамандар шетелге жұмысқа шақыру немесе жоғары жалақы ұсынатын күмәнді жарнамаларға сақтықпен қарау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар адам бостандығына қарсы жасалатын қылмыстардың қоғамға үлкен қауіп төндіріп, өкінішті жағдайларға әкелетіні түсіндірілді.
Шара барысында:
бала ұрлығы;
сексуалдық зорлық-зомбылық;
балалар еңбегін қанау;
жезөкшелік пен жеңгетайлық әрекеттері туралы кеңінен айтылып, мұндай қылмыстардың заңмен қатаң жазаланатыны ескертілді.
Сондай-ақ тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, білім алушыларға адам саудасының алдын алу бойынша үнпарақтар мен жадынамалар таратылды.
Осындай ақпараттық кездесулер жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді.












