«Қауіпсіз жол!» және «Жазғы демалыс!» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті
Бүгін колледждің І курс білім алушыларымен учаскелік полиция инспекторы, ҚҚб ЮПб УПИ-ры Романов Батырбек кездесу өткізіп, облыстық «Қауіпсіз жол!» және «Жазғы демалыс!» жедел-профилактикалық іс-шараларының маңызы мен мақсатын түсіндірді.
Кездесу барысында білім алушыларға алдағы жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның өз өміріне деген жауапкершілігі екені айтылды. Әсіресе:
суда шомылу кезіндегі сақтық шаралары;
белгіленбеген жерлерге түспеу;
табиғат аясында қауіпсіздік талаптарын сақтау;
қоршаған ортаның тазалығын қорғау;
ормандағы қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар «Қауіпсіз жол!» іс-шарасының басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және жастар арасында жол мәдениетін қалыптастыру екені атап өтілді.
Білім алушыларға:
жаяу жүргіншілер жолағымен өту;
бағдаршам белгілеріне назар аудару;
жолдан өтерде екі жаққа қарау;
велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану туралы маңызды ақпараттар берілді.
Жиналыс соңында полиция қызметкері жастарға топтық төбелеске жол бермеу, әлімжеттік пен буллингтің алдын алу, лудомания және сталкинг сияқты қоғамдағы өзекті мәселелерден сақ болу қажеттігін түсіндірді.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға үлкен үлес қосады.












