«Педиатрия» пәнінен республикалық on-line олимпиада жоғары деңгейде өтті
Қызылорда медициналық жоғары колледжі «Арнайы пәндер – 2» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Емдеу ісі» мамандығы бітіруші топтарының білім алушылары арасында «Педиатрия» пәні/модулі бойынша «Ерте жастағы балаларға патронаждық көмек көрсетудің әмбебап жетілдірілген моделі және БШАЫЖ» тақырыбында республикалық on-line олимпиада өткізілді.
![]()
Олимпиадаға Республика көлеміндегі 21 колледжден 111 қатысушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттілігін, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру.
Олимпиада 2 кезең бойынша ұйымдастырылды:
І кезең – теориялық білімді анықтау
Қатысушылар Quizizz.com платформасы арқылы «Педиатрия» пәні/модулі бойынша құрастырылған 100 тест тапсырмасын орындады.
ІІ кезең – практикалық дағдылар бойынша құзыреттіліктерді анықтау
Қатысушылар Quizizz.com платформасы арқылы 50 практикалық тест тапсырмасын орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Білім мен кәсіби даму жолындағы ізденістеріңізге табыс, мол жетістік және жарқын болашақ тілейміз!












