ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті Қызылорда медициналық жоғары колледжі ардақты ардагерлері, ұжымы, ата-аналар, қымбатты студенттер!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін ұлық мереке әр шаңыраққа береке, амандық және молшылық әкелсін.
Ел денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздар мен қызметкерлерге, ата-аналар және біздің әркез тілеушіміз сала ардагерлеріне зор денсаулық, толағай табыс, қажымас қайрат тілейміз. Ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін!
Құрбан айттағы игі тілектеріңіз бен жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын.
Отбасыларыңызға бақ-береке, бірлік пен қуаныш тілейміз!
Құрбан айт құтты болсын!
Ізгі ниетпен: Жанар ҚАЛМАҚОВА,
Қызылорда медициналық жоғары колледж директоры










