«Өндірістегі он күн»: Болашақ ақ халаттылар тәжірибе майданында!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері теорияны тәжірибемен ұштастырып, қаламыздың жетекші медициналық мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.
Білім мен біліктілікті сынайтын бұл апталықтар «Өндірістегі он күн» акциясы аясында ұйымдастырылды. Бүгінде біздің студенттер нағыз маман иелерімен иық тіресе жұмыс істеп, алғашқы емдеу-алдын алу шараларына белсене қатысуда.
Тәжірибе алаңдары мен мамандықтар тынысы:
• Көпбейінді Облыстық ауруханасы мен Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында: «Қолданбалы бакалавр», «Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері қабылдау бөлімінен бастап, жансақтау және хирургия бөлімшелеріндегі күрделі емдік шаралардың ортасында жүр. Емделушілерге сапалы күтім көрсетіп, дәрігерлердің нағыз көмекшісіне айналды.
• №6 Қалалық емханада: Болашақ «Акушерлік іс» және «Емдеу ісі» мамандары алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсету, жүкті әйелдерді бақылау және тұрғындарды диспансерлік есепке алу жұмыстарының қыр-сырын меңгеруде.
• Стоматологиялық клиника базасында: «Стоматология» мамандығының студенттері заманауи құрылғылармен жұмыс істеуді, тіс ауруларының алдын алу мен емдеудің ең тиімді әдістерін тәжірибелі дәрігерлердің жетекшілігімен тікелей үйренеді.
Бұл он күн — студенттеріміз үшін тек тәжірибе емес, өз мамандығына деген жауапкершілікті сезінудің үлкен мектебі. Болашақ медицина үздіктеріне сәттілік тілейміз!









