19 желтоқсан күні 1курс білім алушылар арасында облыстық білім беру басқармасы мен қалалық полиция басқармасымен бірлескен шара өткізілді.

Кездесуге Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны С.С.Алдонгаров, колледждің тәрбие орынбасары, колледж жастар ісі жөніндегі маманы, колледж психологтары, әлеуметтік психологтар т.б қатысты. “Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық жасауға жол бермеу” туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары тақырыбында болды. Құқықтық білім мен сауаттылықты арттыру мақсатында кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен ата-аналар арасында да жиі көтеріліп, айтылып жүрген тақырыптар.Қоғам болып балалардың қауіпсіздігін қорғау барша азаматтардың міндеті болып табылады. Балалардың өмір қауіпсіздігі туралы, жасөспірімдер, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасалған жағдайда, құқық бұзушылықты алдын алуға, болдырмауға болады.

You may also like...