“Үш тұғырлы тіл-ұлт болашағы”.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Тілдер апталығы» аясында қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәні бойынша колледжіміздің 1 курс білім алушылар арасында «Сөз құдіреті» – атты танымдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – болашақ мамандарымыздың бойындағы сөз саптау өнерін, көркем ойлау қабілетін және ана тіліне деген махаббатын ұлықтау.С айыс 3 кезеңнен тұрды:
І-КЕЗЕҢ: «ЖЫР-ШАШУ» Мәнерлеп оқу;
ІІ-КЕЗЕҢ: «СӨЗ МЕРГЕНІ» Блиц-сұрақтар;
ІІІ-КЕЗЕҢ: «ШЕШЕНДІК АРНА» Импровизация.
Сайыс нәтижесінде :
1орынды – Мейіргер ісі бөлімі, 78 топ білім алушысы Бисенбай Құндызай,
2 орынды – Мейіргер ісі бөлімі, 77 топ білім алушысы Құттымұрат Інжу,
3 орынды – Емдеу ісі бөлімі, 75 топ білім алушысы Меңдулла Тоғжан иеленді.
Сондай-ақ, шараға белсене қатысқан «Мейіргер ісі» бөлімі, 77 топ білім алушысы Мүсілім Айзере, «Емдеу ісі» бөлімі, 72 топ білім алушысы Кеңес Жеңіс Алғыс Хатпен марапатталды.









