Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» шығармасына талдау
Қызылорда медициналық жоғары колледж кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында екінші курс «Мейіргер ісі» -54 топпен Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасына талдау өткізілді. Студенттер шығарманы өте жоғары деңгейде пікірлерімен бөлісті.
Әңгімеде әкесі мен бауырынан айырылып, анасы және әжесімен бірге қиын жағдайда өмір сүріп жатқан Ғазизаның тағдыры суреттеледі. Олар панасыз, қорғансыз күй кешеді. Осы жағдайды пайдаланған Ақан болыс Ғазизаға зорлық көрсетеді. Қорлық пен қайғыға шыдамаған Ғазизаның өмірі қайғылы аяқталады.
Шығарманың негізгі ойы:
«Қорғансыздың күні» – қоғамдағы әділетсіздік пен қатыгездікті көрсететін шығарма. Автор қорғансыз жандардың аянышты тағдырын суреттеу арқылы оқырманды мейірімділікке, адамгершілікке және әлсіздерге қамқор болуға шақырады.
Қорытынды: Бұл шығарма – қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік теңсіздік пен адам тағдырын терең бейнелеген маңызды туындылардың бірі.














