21 қараша күні Арнайы пәндер-5 бірлестігіне қарасты пәндер апталығының 2 күні өтті.
Бұл күні инфекциялық аурулар пәніне жауапты оқытушылар өздерінің тақырыптарымен таныстырды. Рысмұхамедова К.Р. “Жыныс мүшелері арқылы берілетін инфекциялық аурулардың статистикалық мәліметтерімен” таныстырса. Тышқанбаева Р.Қ. “Вирусты гепатит В және С” түрлерін ашып айтты. Абенова Ж.С. “Жыныс жолымен таралатын инфекциялық аурулардың профилактикасына” тоқталып өтті. Апталыққа 3 және 4 курс студенттері қатысты.


