Олимпиададан жүлделі орын алдық
Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 1 курс студенттері арасында математика, информатика, физика, химия, география және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша физика пәнінен колледжіміздің білім алушысы Маратұлы Думан І ОРЫН алса, информатика пәнінен Тәжібай Ерасыл ІІ ОРЫН алды.
Жетекшілері физика пәнінің оқытушысы Гүлмира Жамалатова, информатика пәнінің оқытушысы Бірканова Гүлжайна.
Жеңімпаз студенттеріміз бен жетекшілерін құттықтаймыз!

