ШЕБЕРЛІК САҒАТЫНДА. . .
”Болашақ” жоғары медициналық колледжі мен Қазақстан педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Білім берудегі жасанды интеллект: теориядан практикаға” тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Шараға Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жаңашыл, ізденімпаз оқытушылары Нүрпейісова Эльмира, Биболатова Салтанат, Зейнебай Гүлзира, Сейілханова Қаламқас, Махмут Қылышбек жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдістің тиімділігін, жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Тәжірибесімен бөлісіп келген колледждің озат оқытушыларына ізденіс пен шығармашылық табыс тілейміз!