СТУДЕНТТЕР ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ
Отбасы күніне арналған апталық аясында «Анаға тағзым» орталығында «Саналы ата-ана – саналы бала» атты психологиялық тренинг өтті. Оған Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенттері қатысты. Мақсаты — отбасы құндылығын дәріптеу, ата-ана жауапкершілігін түрлі ситуациялық жағдайлар арқылы ұғындырып, балаға саналы тәрбие беру, махаббатқа бөлеп өсірудің мән-маңызын түсіндіру.
Орталық психологы А.Бақытжанқызы тренинг аясында «Шаттық шеңбері», «Бақытты баланың портреті», «Ішкі баламен кездесу» және «Сенім көпірі» секілді жаттығулар мен топтық тапсырмаларды орындату арқылы оларды өзінің жан дүниесіне үңіле білу, бір-бірін тыңдап үйрену, нәтижеге жету үшін бірлесе жұмыс жасап, бірге шешім шығарудың аса қажеттілігіне тоқталды.
Тренинг соңында студенттер алған әсерімен бөлісті.









