Бір апталық оқу челленджі өтті
Қызылорда медициналық колледжі кітапханасында «Кітаппен басталған кәсіп – бәсекеге қабілетті» тақырыбында бір апталық оқу челленджі ұйымдастырылды.
Челлендждің негізгі мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Оқу челленджіне «Мейіргер ісі» – 40 топ студенттері белсене қатысты. Бір апта бойы қатысушылар мамандықтарына қатысты арнайы таңдап алынған кітаптарды оқып, өз әсерлері мен ой-тұжырымдарымен бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар:
күнделікті оқылған кітап немесе бөлім бойынша қысқаша ой бөлісті;
кітаптан алған білімді болашақ кәсібімен байланыстырды;
жеке даму мен кәсіпкерлікке қатысты пайдалы тәжірибелермен алмасты.
Апта соңында челлендж қорытындыланып, белсенді қатысушылар арнайы марапаттармен ынталандырылды.
«Кітап – табысты кәсіптің бастауы» қағидатын ұстанған бұл челлендж қатысушылардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақта өз ісін саналы әрі тиімді дамытуына серпін береді деп сенеміз.









