АТА ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ҰЖЫМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде ұжыммен кездесу өтті. Онда колледж директоры Жанар Қалмақова Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша мазмұнды баяндама жасады.
Баяндамасында Ата Заңға енгізілетін толықтырулардың маңызына тоқталып, олардың ел дамуы мен қоғам өміріндегі рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматтың белсенділігі – мемлекет болашағына қосылған үлес екенін жеткізді.
Кездесу барысында ұжым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық диалог форматында өткен жиын мазмұнды әрі тағылымды болды.
Еліміздің ертеңі – өз таңдауымызға байланысты. Референдумға қатысып, азаматтық ұстанымымызды білдірейік!













