СТУДЕНТТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОАКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында «Табиғаттың болашағы – біздің қолымызда!» атты экокездесу өтті.
Іс-шара барысында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бас экологиялық ағарту инженері Есенова Алма Алма-Атықызы студенттерге табиғатты қорғаудың маңызы, экологиялық жауапкершілік және жастардың қоршаған ортаны сақтаудағы рөлі туралы мазмұнды дәріс өткізді.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ғылым бөлімінің қызметкері Сахиев Нұртуған Биғазыұлы және аталған қорықтың ғылым бөлімінің қызметкері Амитова Лаура Асқарқызы табиғатты қорғауға шақырған ақпараттық парақшалар таратты.
Кездесу соңында қатысушылар колледж аумағын көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық!













