Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 2026 жылдың 2 сәуір күні жасөспірімдер арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу, болдырмау және сақтану тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға полиция майоры Романов Б., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдраймова С.Т., бөлім меңгерушісі Алмағамбетова Е.Б. және І курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120–124 баптары түсіндіріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Мамандар жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және жеке қауіпсіздік ережелерін ұстану маңызды екенін атап өтті.












