«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Емдеу ісі» бөлімі ІІ курс, 14 оқу тобы студенттерімен «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қазақтың ұлттық ойындары – тоғызқұмалақ, асық ату, бәйге, көкпар, қазақша күрес туралы кеңінен ақпарат беріліп, олардың тәрбиелік және рухани маңызы түсіндірілді.
Студенттер ұлттық ойындарға қызығушылық танытып, өзара сайысқа түсіп, белсенділік көрсетті.
Ұлттық ойын – ұрпақ тәрбиесінің негізі, рухани мұрамыздың бір бөлігі!













