«ӨЗІҢЕ СЕН – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ!»
«Жалпы кәсіптік пәндер-1» бірлестігінің «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина бастауы» апталығы аясында «Өзіңе сен – жетістікке жет» тақырыбында психологиялық коучинг ұйымдастырылды. ![]()
Шара барысында білім алушылар өз-өзіне сенімділікті арттыру, дұрыс мақсат қою және оған жету жолдары туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, түрлі тренингтік жаттығуларға белсенді қатысып, өз қабілеттерін жаңа қырынан таныды.
Коучинг студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, алға ұмтылуға жаңа мотивация берді. ![]()
Жетекшілер: Молдабекова Аида Ерланқызы, Айгүл Абсейтова.












