Бүгінгі күннің білімді де белсенді жастары — еліміздің жарқын болашағының кепілі!
2026 жылдың 10 қыркүйегінде Қызылорда жоғары медициналық колледжінде айтулы шара өтті. Колледжіміз — тек білім мен тәжірибені ұштастырып, білікті медицина мамандарын даярлап қана қоймай, қоғамдық өмірде де белсенді, азаматтық позициясы нық жастарды тәрбиелеп келе жатқан қара шаңырақ.
Жақында өткен Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны кезінде ерекше белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген колледжіміздің бірқатар студенттері жоғары деңгейде ұлықталды. Олар «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлының арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
Партия төрағасынан марапат алған белсенді студенттеріміздің есімдерін мақтанышпен атаймыз:
• Аблай Жауқазын (ҚБ89 тобы)
• Исламбек Жанерке (ҚБ89 тобы)
• Жаңабайқызы Айя (ҚБ89 тобы)
• Жармағанбет Айша (ҚБ36 тобы)
• Көптілеува Шаттық (Е11 тобы)
Колледж студенттері тек ақ халатты абзал жан атану жолында аянбай оқып қана қоймай, «Әділет» партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанатының бастамаларына өз үлестерін қосып, еліміздің саяси-қоғамдық өміріне де белсене араласуда.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Білімді жас – білікті маман, белсенді жас – ел болашағы! Еңбектеріңіз жана берсін, жас қырандар!














